logo
search
menu
Үйде жын жүр ме? – әлеуметтік желіде сұмдық видео тарады (ВИДЕО)
Фото: Ашық дереккөз

Үйде жын жүр ме? – әлеуметтік желіде сұмдық видео тарады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде отбасының үйінде түсірген паранормалды құбылыстар видеосы вирус болып таралуда. Автордың айтуынша, түсініксіз жағдайлар шамамен бір жыл бұрын басталған, алайда бастапқыда оларды кездейсоқтыққа жорыған. Кейін отбасы камера орнатып, сұмдық сәттерді таспаға түсірген.

Кадрларда баланың компьютерде ойнап отырған сәтінде белгісіз бір нәрсенің әсері байқалады: әуелі есік тарс жабылады, артынша компьютер орындығы кенет қозғалып, баланы бірге іліп әкеткендей болады.

Тағы бір оқиғада шаңсорғыш өздігінен іске қосылып, отбасын одан сайын шошытқан.

Көрініс шынымен үрейлі. Көпшілік пікірінде: «Егер мұндай жағдай менің басымнан өтсе, ол үйде бір минут та тұрмас едім», – деген сөздер жазылуда.