logo
search
menu
"Күйеуімнің еш кінәсі жоқ": Хасан Қасымбаевтың жұбайы шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Taulik.kz коллажы. Суретте: Хасан Қасымбаев пен жұбайы Зульфия

"Күйеуімнің еш кінәсі жоқ": Хасан Қасымбаевтың жұбайы шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, айыпталушының жары Зульфия сотта журналистердің залдан шығарылуына байланысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, олар керісінше процестің ашық өткенін қалаған.

"Маған түсініксіз бірінші нәрсе: судья отырыс басталар алдында журналистерден камераларымен бірге шығуын сұрады. Олар сот залынан шығып кетті. Біз керісінше сот ашық болғанын, баспасөз қатысқанын, жұрт не болып жатқанын білгенін қаладық. Біз бұған таңғалдық. ...Күйеуімнің еш кінәсі жоқ. Ақтау үкімін күтемін", – деді Зульфия.