"Зеленский – заңды президент емес" – Украина басшысына қауіп төніп тұр
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров америкалық NBC арнасына берген сұхбатында Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәртебесіне қатысты даулы пікір білдірді, деп жазады Taulik.kz.
Министрдің айтуынша, Украина Конституциясына сәйкес Зеленскийдің өкілеттілігі легитимді емес. Алайда Мәскеу оны де-факто елдің "режим басшысы" ретінде қабылдап, қажет болған жағдайда келіссөздер жүргізуге дайын екенін жеткізді.
Лавровтың сөзінше, Ресей президенті Владимир Путин мен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Аляскада кездесу жоспары талқыланбаған. Дегенмен, Ресей Украинаға қатысты кез келген қауіпсіздік жөніндегі келіссөздерге міндетті түрде қатысатынын атап өтті.
Сонымен бірге ол Украина мемлекеттілігіне қатысты пікірін білдірді. Оның ойынша, Украина "өмір сүру құқығына ие, бірақ референдум арқылы өз таңдауын жасаған халықты босатуы тиіс".
Сұхбат барысында Лавров Ресейдің соғыс қимылдарына көзқарасын да айқындады:
- Ресей ешқашан бейбіт нысандарға әдейі соққы жасамайды;
- Нысанаға тек әскери зауыттар мен Украина армиясына қару өндіретін кәсіпорындар алынады;
- Батыс ақпарат құралдарын сынап, олардың Украина Қарулы күштерінің Курск облысына жасаған шабуылын елемей отырғанын айтты. Оның айтуынша, ол жерде әскери емес, бейбіт нысандар зардап шеккен.
"Егер бір кәсіпорында америкалық немесе өзге шетел капиталы болса да, ол жерде Ресей әскерін өлтіруге арналған қару жасалып жатса, мұндай нысанға иммунитет берілмейді. Мұндай әрекеттерді қорғау – империалистік көзқарастың көрінісі", – деді Лавров.
Ресей сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, Мәскеу мен Киев делегацияларының Стамбулдағы кездесулері жалғасып жатыр. Бұл жиындарда нақты әскери және гуманитарлық мәселелер талқыланбақ.