logo
search
menu
Мәскеу адамды қорлау мен қинауға қарсы конвенциядан шығатынын мәлімдеді
Фото: ашық дереккөз

Мәскеу адамды қорлау мен қинауға қарсы конвенциядан шығатынын мәлімдеді

Ресей үкіметі президент Владимир Путинге Еуропалық конвенцияның күшін жоюды ұсынды. Әңгіме – 1987 жылы қабылданған « қинау және адамдық қадір-қасиетті қорлайтын немесе қатыгез жазалауды болдырмау туралы конвенция» және оған 1993 жылы қосылған қосымша хаттамалар туралы.

Конвенция негізінде Еуропа кеңесі аясында тәуелсіз қадағалау комитеті жұмыс істеуі тиіс болатын. Алайда Ресейдің СЕ мүшелігі тоқтатылғаннан кейін Мәскеу бұл құрылымның жұмысына қатыса алмай қалды.

Министрлер кабинеті құжаттың денонсациясы туралы ұсынысты парламентке енгізуді сұрап отыр. Ресей бұл конвенцияға 1996 жылы қосылған еді.

Бұл шешім Кремльдің соңғы жылдары Еуропа кеңесінің құжаттарынан біртіндеп бас тартуының жалғасы болып отыр.