Орыстың құлысың! – Мәскеуде өзбек азаматын балағаттаған (ВИДЕО)
Мәскеу маңындағы Химки қаласындағы «Солнечная система» тұрғын үй кешенінде жергілікті тұрғын мен таксист арасында дау туындады.
Куәгерлердің айтуынша, қақтығыс кешен ауласындағы тар жолда қоқыс таситын көлік пен такси қатар кездесіп қалған кезде басталған. Таксидің қозғалысы жаяуларға кедергі болғанын айтқан ер адам жүргізушіні балағаттап, оны «орысқа құлсың» деп қорлады.
Оқиға куәгерлері түсірген видеода ер адамның таксистке айқайлап, оны Ресейге жұмыс істеуге «келген» деп айыптап жатқан сәті көрінеді. Жүргізуші бірнеше рет қарсыласын сабырға шақырғанымен, соңында дау-дамайды болдырмау үшін көлігімен кетіп қалған.
Тұрғындардың айтуынша, жанжал балалардың көзінше орын алған, бұл оқиға сол жерде болғандардың ашу-ызасын туғызды.