logo
search
menu
Бес-ақ минутқа созылған Мәжіліс пен Сенат отырысы
Фото. видеодан алынды.

Бес-ақ минутқа созылған Мәжіліс пен Сенат отырысы

Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, Астанада Парламент палаталарының бірлескен алғашқы отырысы бар-жоғы бес минутқа ғана созылды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сегізінші шақырылым депутаттарының төртінші сессиясын ашық деп жариялады.

Депутаттар мен Үкімет мүшелері тарапынан сұрақ не қарсылық болған жоқ. Жаңа сессия басталар алдында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Осыдан кейін отырыс жабық деп жарияланды.

Мәжілістің жалпы отырыстары мен Сенаттың пленарлық жиындары дәстүр бойынша сәрсенбі және бейсенбі күндері өтетін болады.