"Түркияда 10 күн болған": Атыраудағы жоғалған отбасыға қатысты тосын хабар шықты (ВИДЕО)
Атырау облысында із-түзсіз жоғалған бір отбасының тағдыры қалың қазақ жұртшылығын алаңдатып отыр, деп Taulik.kz тілшісі Arasha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Арада біраз уақыт өтсе де, әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткен төрт адам табылған жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін өңірге барған "Qazaq Airan" арнасының журналисі жоғалған отбасының туыстарымен тілдескен.
Туыстарының айтуынша, олардың қозғалысына қатысты әртүрлі деректер бар.
"Әлі күнге дейін тексеріп жатыр, қарап жатыр. Кейін Махамбетке (Махамбет ауылы – ред.) барған дейді. Кейін Сұлтан Түркияға 10 күн барып келген дейді. Содан кейін Түркиядан қайтып келген. Сосын Түркиядан келгеннен кейін Ақбаянды алып, Ақтауға барған. Сол Ақтаудан Шымкентке пойызбен барған дейді. Сосын шекарадан Ташкентке өткен. Ташкенттен тіке Куала Лумпур деген қалаға өтіп кеткен екен. 7 сағат ұшқан. Сол жақта туристердің қаласы бар, сол жақта деген ақпарат бар", – деді Шалқар Мұқанғалиев.