logo
search
menu
Күні кеше концертін берген: Танымал әнші ұшақ апатынан қайтыс болды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Күні кеше концертін берген: Танымал әнші ұшақ апатынан қайтыс болды (ФОТО)

Колумбияның Пайпа қаласында болған әуе апаты салдарынан алты адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың қатарында танымал колумбиялық әнші Йеисон Хименес те бар. 

Ведомство дерегіне сәйкес, N325FA тіркеу нөмірі бар әуе кемесі Хуан Хосе Рондон аэродромы маңында апатқа ұшыраған.

Қаза тапқандар арасында ұшақты басқарған капитан Фернандо Торрес Рохас та бар.

El Tiempo басылымының жазуынша, ұшақ Пайпа әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған. Қала мэрі Герман Рикардо Камачо оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен медицина қызметкерлері тартылғанын мәлімдеген.

Басылым дерегіне сүйенсек, Йеисон Хименес апаттан бір күн бұрын Малага қаласында концерт өткізіп, кейін Пайпаға демалуға барған. Ол жеке ұшақ жалдап, алдымен Медельин әуежайына жетуді, одан соң келесі концерті өтетін Маринилья қаласына ұшуды жоспарлаған.

Йеисон Хименес 1991 жылғы 26 шілдеде Кальдас департаментіне қарасты Мансанарес қаласында дүниеге келген. Ол колумбиялық танымал музыка жанрында өнер көрсеткен әнші әрі ән авторы ретінде кеңінен танылды. Әсіресе Aventurero және Tenías Razón әндері арқылы үлкен танымалдыққа ие болды.