logo
search
menu
Білім саласындағы департаментті енді 32 жастағы жас маман басқарады
Фото: Әкімдік сайтынан алынды.

Білім саласындағы департаментті енді 32 жастағы жас маман басқарады

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты мәжілісте Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Бекмағанбетов Мәди Бауыржанұлы таныстырылды.

Нұрлыбек Машбекұлы жаңа басшыға игі тілегін білдіріп, саладағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, білім сапасын арттыруға бағытталған жұмысты жүйелеу қажеттігін атап өтті.
«Білім сапасын әділ бағалаудың тәуелсіз тетіктерін енгізуде, жүйенің ашықтығы мен қоғамдық сенімді нығайтуда кешенді шаралар қабылдау қажет. Білім беру, әсіресе жекеменшік білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігіне қатаң бақылау орнатуды тапсырамын», – деді аймақ басшысы.

Мәди Бекмағанбетов еңбек жолын білім беру ұйымдарында бастаған. Әр жылдары облыстық ішкі саясат басқармасында маман, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Бекмағанбетов Мәди Бауыржанұлы. Фото: әкімдік ресми сайтынан алынды.

2020-2023 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы болған. 2023 жылдан бүгінге дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.