logo
search
menu
Иран армиясы Израильдің жақын арада жойылатынын мәлімдеді
Morteza Nikoubazl/NurPhoto via Getty Images. Суретте: Иран әскері

Иран армиясы Израильдің жақын арада жойылатынын мәлімдеді

Иран армиясы Израильдің жақын арада жойылып, Палестина аумағында тәуелсіз мемлекет құрылатынын мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме ирандық Tasnim агенттігінде жарияланған. Ақпаратқа сәйкес, ол Әл-Құдс күніне орай жасалған. Бұл күн Рамазан айының соңғы жұмасында атап өтіледі.

Басылымның түсіндіруінше, Әл-Құдс күні – палестиналықтардың тәуелсіздік жолындағы күресін қолдауға арналған халықаралық күн.

"Сионистік режимнің жойылып, Палестина аумағында барлық дін өкілдері өмір сүретін тәуелсіз палестин мемлекетінің құрылуы жақын", – делінген Иран армиясының мәлімдемесінде.