logo
search
menu
"Тоқаев еміме көп ақша берді": Жүрсін Ерман денсаулығы жайлы ашып айтты (ВИДЕО)
Alash.kz коллажы

"Тоқаев еміме көп ақша берді": Жүрсін Ерман денсаулығы жайлы ашып айтты (ВИДЕО)

Айтыс өнерінің белгілі жанашыры, ақын Жүрсін Ерман денсаулығына байланысты бастан өткерген ауыр кезеңі туралы алғаш рет ашық айтты. Ол бұл жайында "1001 түн" бағдарламасында бөлісті.

Ақынның сөзінше, қант диабеті оның денсаулығына қатты әсер етіп, бір кезеңде жағдайы күрт нашарлаған. Алматыдағы беделді медициналық орталықтардың бірінде ем алғанымен, дәрігерлер оның аяғын кесу қажет болуы мүмкін екенін ескерткен.

"Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керектігін айтты. "Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың" деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты.

Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев барып емделіп кел деп, көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен біліп тұрмын, риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні аураханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді", – деп жан сырын ақтарды ақын.