Атыраудағы қанды оқиға: күдіктіге тағы бір ауыр айып тағылды
Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты іс бойынша күдіктіге қосымша айып тағылды.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Жангелдин ауылында болған ауыр қылмысқа байланысты ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты тергеу енді екі бап бойынша жүргізілуде:
- ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі – "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";
- ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі – "Алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық".
Ведомствоның хабарлауынша, күдікті сот санкциясымен қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.
Қазіргі таңда іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Ал күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекеттеріне қатысты құқықтық баға беру мәселесі әзірге ашық күйінде қалып отыр.