logo
search
menu
"Мерей өз руын білсін деп шындықты айттым": Әнші Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

"Мерей өз руын білсін деп шындықты айттым": Әнші Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Халыққа танымал әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты ұзақ уақыт бойы іште сақтаған шындығын қалай және не себепті айтқанын еске алды.

Өнер иесінің айтуынша, бұл қадам оған оңай болмаған. Ол жан сырын бөлісіп, мұндай шешімге келу үшін көп уақыт қажет болғанын жеткізді.

Әншінің сөзінше, марқұм жары Заманбек Нұрқаділов бұл шындықты қыздары 18 жасқа толғанда өзі айтуды жоспарлаған. Алайда өмірдің күтпеген бұрылыстары салдарынан бұл міндет Мақпал Жүнісованың өзіне жүктелген.

Сондай-ақ әнші бұл әңгімені ұзақ уақыт бойы айта алмай, жүрегінде сақтап келгенін де жасырмады.

"Ол шындықты не үшін айттым? Қыз өсті. Оның үстіне Зәкең көзінің тірісінде "Мерей 18-ге келгенде өзім айтамын" деген. Сол кісінің аузынан шыққан сөз. Қыз 18-ге толды, мен айта алмадым. 19 жасында да айта алмадым. 20-ға жақындағанда айттым. Сол кезде ол жігіттермен кездесуге барады, танысады. Сосын келіп, руларын айта бастайды. Өзін албанмын дейді. Ол – өтірік қой. Арғынның қызы, қаракесек. Сол кезде шындықты айтуға бекіндім. Өз тегін, руын білсін деп ойладым. Ертең күйеуге шыққанда өтіріктен бастай ма деген ойлар да кетті. Зәкең айтамын деген, енді өзім айтуым керек деп шештім. Содан кейін ана жақтағы балалар оған хабарласып мазалай бастады. Сол себепті маған шындықты айту керек болды", – деді әнші Дина Төлепбергенге берген сұқбатында.