logo
search
menu
Тәшиев шұғыл елге оралды да, бірден тергеуге алынды: Қырғызстанда не болып жатыр?
gov.kg

Тәшиев шұғыл елге оралды да, бірден тергеуге алынды: Қырғызстанда не болып жатыр?

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚК төрағасы Қамшыбек Тәшиев ІІМ-ге тергеуге жеткізілді.

Kaktus.media дерегінше, Тәшиев елге оралғаннан кейін таңғы сағат 10:00 шамасында ІІМ-нің Бас тергеу басқармасына жеткізілген. Қазіргі уақытта ол сол ғимаратта жауап беріп жатыр деген ақпарат бар.

Еске салайық, 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті барлық қызметінен босатқан болатын. Ресми мәліметке сәйкес, бұл шешім мемлекет бірлігін сақтау мен қоғамдағы алауыздықтың алдын алу мақсатында қабылданған.

Бұл жағдай мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы бастамалар аясында орын алған. Президенттің баспасөз хатшысының айтуынша, Тәшиевтің айналасындағы адамдар депутаттарға хабарласып, оларды өз жағына тартуға және жаңа сайлау өткізуге ықпал етуге тырысқан.