logo
search
menu
Трамптың 15 тармақтық жоспары: Иран келіссе, соғыс тоқтай ма?
t-v.te.ua. Суретте: Дональд Трамп

Трамптың 15 тармақтық жоспары: Иран келіссе, соғыс тоқтай ма?

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты шабуылдарды тоқтату үшін 15 тармақтан тұратын жоспар ұсынып, бір айға уақытша атысты тоқтату туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Бұл ақпаратты Израильдің 12-арнасы дереккөздерге сүйене отырып жариялаған.

Мәліметтерге сәйкес, АҚШ бұл ұсынысты Иранмен арадағы шиеленісті азайту мақсатында дайындаған. Жоспар Тегеранға Пәкістан арқылы жеткізілгені айтылып отыр.

Ұсынылған шарттар арасында Иранның ядролық әлеуетін шектеу, ядролық қару жасауға ұмтылмау міндеттемесі және Исфахан, Натанз, Фордо қалаларындағы ядролық нысандарды тоқтату мәселелері бар.

Сонымен қатар Иранға ел ішінде уран байытуды тоқтатып, 60 пайызға дейін байытылған уранды Халықаралық атом энергиясы агенттігіне (МАГАТЭ) тапсыру ұсынылған.

Жоспарда Ормуз бұғазы арқылы кемелердің еркін жүруін қалпына келтіру, зымыран бағдарламасына шектеу қою және аймақтағы "прокси күштерді" қолдауды тоқтату талаптары да қарастырылған.

Осы шарттардың орнына Иранға қарсы санкцияларды алып тастау мүмкіндігі ұсынылған.