logo
search
menu
Батыс Қазақстан облысы аумағына дрон құлады
mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысы аумағына дрон құлады

Мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысындағы ауыл маңына дрон құлағаны туралы фото мен ақпарат тарады. Бұл мәліметті өңірлік полиция департаменті растады, деп хабарлайды "Мой Город" басылымы.

Полицияның хабарлауынша, табылған нысан Ақжайық ауданында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, ол ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсайды.

Ведомствоның мәліметінше, бұл зат елді мекендерден тыс жерде табылған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.