logo
search
menu
Израиль Ислам революциясы сақшылар корпусы басшысының көзін жойды
АР. Суретте: Әлиреза Тангсири

Израиль Ислам революциясы сақшылар корпусы басшысының көзін жойды

Израильдің Иранға жасаған соққысы салдарынан Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Әлиреза Тангсири қаза тапты, деп хабарлайды Израильдің "12 арнасы".

Ақпаратқа сәйкес, Ормуз бұғазын жабу мәселесіне жауапты болған Тангсири Бендер-Аббас қаласында түнгі шабуыл кезінде көз жұмған.

Бұған дейін Иран АҚШ-тың қақтығысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдамай, Вашингтонға бес қарсы шарт қойған еді. Иран тарапы соғыс әрекеттерін тек өз талаптары орындалған жағдайда ғана тоқтататынын мәлімдеген.