logo
search
menu
Қазақстан мен Украина бірлескен үлкен операцияны жүргізді
видеодан скриншот

Қазақстан мен Украина бірлескен үлкен операцияны жүргізді

Қазақстан Ішкі істер министрлігі шетел азаматтарына және қазақстандықтарға қарсы әрекет еткен алаяқ колл-орталықтар желісін жою бойынша арнайы операцияға қатысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан ІІМ мен Украина Ұлттық полициясы, сондай-ақ екі елдің Бас прокуратураларының өзара іс-қимылы нәтижесінде Украина аумағында жұмыс істеген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

31 наурыз күні Днепр қаласында интернет-алаяқтықпен жүйелі түрде айналысқан үш колл-орталықтың қызметі тоқтатылды. Олар Қазақстан, Украина және Еуропалық одақ елдерінің азаматтарын алдаған.

ІІМ мәліметінше, уақытылы жүргізілген шаралардың арқасында жүздеген адамның қаржылық шығынға ұшырауының алдын алу мүмкін болды.

Анықталғандай, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы жалған инвестициялық компания қызметкерлері ретінде әрекет еткен.

"Алаяқтар азаматтарды алдап, олардың жеке деректеріне, банктік шоттарына және аккаунттарына қол жеткізіп, ақшалары мен цифрлық активтерін иемденген. Сонымен қатар романтикалық алаяқтық және криптовалютаға жалған инвестиция ұсыну арқылы жасалған қылмыс деректері де тіркелді", – делінген полиция хабарламасында.