logo
search
menu
Таразда республикалық QazMed филиалының І сайлау конференциясы өтті
Фото: ресми дереккөзден алынды.

Таразда республикалық QazMed филиалының І сайлау конференциясы өтті

2026 жылдың 2 сәуір күні, сағат 11.00-де Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының Мәжіліс  залында «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің  Жамбыл облыстық филиалының I-ші сайлау  Конференциясы өтті.

Конференцияға ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Жиенәліұлы Қарашолақов, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басышысы Сержан Сәрсенбекұлы, "QazMed" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Матишев Алиакпар Болатұлы, QazMed" республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі Биртанов Елжан Амантайұлы, Түркістан облысынан келген денсаулық сақтау кәсіподақ  бірлестігінің төрағасы Қатпаев Сәкен Арыстанұлы, Жетісу облысы «QazMed» салалық кәсіподағының төрайымы Құдайберген Әсем Талғатқызы қатысты.

Конференцияның жұмысын ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығының  төрағасы Бағлан Жиенәліұлы Қарашолақов ашып, сәттілік тіледі. Келесі кезекте "QazMed" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Матишев Алиакпар Болатович сөз сөйлеп, «QazMed»  медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалы 2024 жылы тіркелді. 2025 жылы «QazMed» РҚБ төрағасы, кеңесші, Атқару комитетінің хатшысы, Алматы қаласы, Ақмола облысы кәсіподақ төрағалары арнайы келіп, облыс көлеміндегі денсаулық сақтау салаласының мекемелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап, өз еріктерімен бастауыш кәсіподақ ұйымдары қосылды.  Бүгінгі күнде 29 мекеме  филиал құрамында, оның ішінде әлеуметтік саладан «Белсенді ұзақ өмір орталығы», «Отбасын қолдау орталығы», «Құлан дезинфекция» сұраныстары бойынша қосылды. Қазір филиал құрамында 14761 мүше бар.  Жыл ішінде «QazMed»  РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалында көптеген жұмыстар, іс-шаралар жүргізілді.

Келесі кезекте сөз алған QazMed" республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі Биртанов Елжан Амантайұлы медицина қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау кәсіподақтың басты міндеті деді. Еңбекақының уақтылы төленуі, үстемеақылардың дұрыс есептелуі, еңбек демалысының берілуі және ұжымдық шарттардың орындалуын қадағалау. Медицина қызметкерлерінің ар-намысы мен кәсіби беделіне нұқсан келген жағдайда қолдау көрсету, еңбек дауларын медиация арқылы шешіліуін қамтамасыз ететін кәсіподақ жұмыс берушімен қызметкердің ортасындағы көпір нығая берсін деп, аяқтады өз сөзін.

2026 жылдың ақпан айынан бастап «QazMed» Жамбыл облыстық филиалының I-ші сайлау  Конференциясына дайындық жұмыстары жүргізіліп келді. «QazMed» Жамбыл облыстық филиалына қарасты 29 медициналық мекемелерінен 80 делегат сайланып, хаттамалары тіркелді.

Конференцияның күн тәртібі бойынша «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі тыңдалып, кәсіподақтың атқарған жұмысына қанағаттанарлық бағысы беріліп, «QazMed» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы болып бірауыздан Махашов Нұрлан Оразкулович сайланды.