logo
search
menu
35 градус аптап, бұршақ пен дауыл: 11 маусымға арналған ауа райы болжамы
Ulrich Baumgarten via Getty Images

35 градус аптап, бұршақ пен дауыл: 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

11 маусымда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт құбылады. "Қазгидромет" мамандары елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар облыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, ал Жетісу облысының шығысында 23-28 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Алматы қаласында да таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстарында да қолайсыз ауа райы болжанып отыр. Бірқатар өңірде жаңбырмен бірге найзағай, бұршақ, тұман және қатты жел болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Петропавлда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар өңірде 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. Облыстың кей аумағында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысында, оның ішінде Тараз қаласында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан облысында да өрт қаупі жоғары, ал Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Мамандар тұрғындарға ауа райы ескертулерін ескеріп, алыс жолға шыққанда абай болуға, найзағай кезінде ашық жерде тұрмауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кеңес береді.