logo
search
menu
Қай аймақтарда тұрғын үйге сұраныс төмендеді?
Фото: depositphotos.com

Қай аймақтарда тұрғын үйге сұраныс төмендеді?

Қазақстанда 2026 жылғы мамыр айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер саны сәуір айымен салыстырғанда 13,5%-ға төмендеген. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мамыр айында 30 420 мәміле тіркелген, деп хабарлайды TAULIK.KZ «24KZ» сайтына сілтеме жасап.

Мәмілелер саны бойынша көшбасшылар қатарында

• Астана – 5 122 мәміле (16,8%),

• Алматы – 4 925 мәміле (16,2%),

• Қарағанды облысы – 2 630 мәміле (8,6%).

Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркеліп, мұнда 261 мәміле (0,9%) рәсімделген.

Сәуірмен салыстырғанда нарықтағы өсім тек Түркістан облысында (+7,6%) байқалды. Ал ең үлкен төмендеу Қызылорда облысында (-35,5%), Алматы қаласында (-24,2%) және Ұлытау облысында (-19,4%) тіркелді. Атырау облысында көрсеткіш аз ғана (-0,6%) төмендеген.

Мамыр айында көппәтерлі тұрғын үйлер сегментінде 23 381 операция жасалып, бұл жалпы көлемнің 76,9%-ын құрады. Бұл көрсеткіш сәуірмен салыстырғанда 14,5%-ға азайды. Негізгі үлес Астана (21,4%), Алматы (19,3%) қалаларына және Қарағанды облысына (9,4%) тиесілі болды. Ең көп сұраныс екі бөлмелі пәтерлерге тиесілі болып, 8 681 операция тіркелген.

Жеке тұрғын үйлер нарығында да төмендеу байқалды: бір айда 7 039 операция тіркеліп, бұл 10%-ға аз. Ең үлкен қысқару Жамбыл (-23,4%), Қызылорда (-22,3%) және Солтүстік Қазақстан (-18%) облыстарында болды. Ал өсім тек Павлодар облысында (+15%) тіркелді.

Жылдық көрсеткіш бойынша да нарық төмендеген: 2026 жылғы мамырда тұрғын үй операциялары саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға азайып, 33 986-дан 30 420-ға дейін қысқарды.

Ең жоғары өсім Түркістан облысында (+69,6%) тіркелсе, ең үлкен төмендеу Алматы қаласында (-31,2%) байқалды. 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында тұрғын үй нарығындағы белсенділік өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға азайған.