«Орысша сөйлеңіз»: Small супермаркетіндегі дау желі назарын аударды
Әлеуметтік желілерде Small сауда желісіндегі сатып алушы мен қазақ тілінде жауап берген қызметкердің видеосы қызу талқыға түсуде, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бейнежазбада өзін Галина Лисс деп таныстырған әйел дүкен қызметкерінен орыс тілінде жауап беруді талап етеді. Ал қызметкер кассаның уақытша жұмыс істемей тұрғанын және жақын арада тағы бір кассир келетінін қазақ тілінде түсіндіреді. Алайда сатып алушы бұл жауапқа қанағаттанбай, қызметкерден орысша сөйлесуін талап етіп, қызметкерді сұрақтың астынан алған.
Оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік дүкен қызметкерінің әрекетін қолдап, мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге құқығы бар екенін жазған. Кейбір қолданушылар әйелдің әрекетін сынға алып, тиісті органдардың назар аударуын сұрап, жазбада түрлі пікір қалдыруда:
“Жауапқа тартылсын, депортация жасасын”, "Жарайсың мықты қыз! Әр қазақ ана тілінде осылай сайрасын!”, “Дұрыс істеді қарындасым”, Түсініп ал орысшаңды, бұл Қазақстан, Ресейге бар орысша сөйлескің келсе” деп жазды олар.