Досын құтқармақшы боп, суға кеткен 8 жасар балаға қатысты тың дерек шықты
Солтүстік Кавказда 8 жастағы Хизир Дербичевті іздеу жұмыстары сегіз күннен бері жалғасып жатыр. Бала суға батып бара жатқан досын құтқарып үлгерген, алайда кейін өзін қатты ағыс алып кеткен, деп хабарлайды Taulik.kz.
Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, қайғылы оқиға 15 маусым күні болған. Іздеу тобының мәліметінше, бала суға батқан досына көмектесу үшін өзенге секірген. Еріктілердің бірі, іздеу кезінде баланы көрген болуы мүмкін деген ақпарат айтты.
"Біреулер "қолын көрдім" дейді… Енді біреулер "қолының немесе аяғының саусақтарын сезгендей болдым" дейді… Бірақ ұстап үлгермеген", – деді ол.
Ауқымды іздеу жұмыстарына қарамастан, баланы әзірге табу мүмкін болмай тұр. Волонтерлер аумақты тексеруді жалғастырып, Хизирдің аман табыларынан үміт үзбей отыр, деп хабарлайды ТАСС.