Астанада 13 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Астанада 13 қабатты тұрғын үй кешенінен өрт шығып, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылды, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы бөлігінде тұтанған. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, жалынды ауыздықтау жұмыстарына кіріскен.
Куәгерлер түсірген видеолар әлеуметтік желілерде таралып, қою түтіннің бірнеше қабатқа жайылғаны байқалған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта өртті толық сөндіру және оның таралуына жол бермеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Әзірге зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Сондай-ақ өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр.
Құзырлы орган өкілдері тұрғындарды сабыр сақтап, қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануға шақырды.