logo
search
menu
Алматыда заңсыз салынған жазғы кафе сүрілді
ашық дереккөзі

Алматыда заңсыз салынған жазғы кафе сүрілді

Алматы қаласында заңсыз салынған тағы бір кафе бұзылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, заңсыз нысан Поддубный көшесі, 119 мекенжайында орналасқан.

Ведомствоның хабарлауынша, жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің ешқандай рұқсат құжаттарынсыз өз бетінше қосымша құрылыс салып, оны жазғы кафе ретінде пайдаланғаны анықталған.

Анықталған заңбұзушылықтардан кейін нысан иесіне құрылысты бұзып, кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілген.

Қазіргі уақытта заңсыз салынған кафе толықтай сүріліп тасталды.

Алматы әкімдігі қала аумағында заңсыз салынған нысандарды анықтау және оларды заң талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін де қалада бірнеше заңсыз нысан сот шешімімен бұзылған болатын.