Дастан Сәтпаевтың бағасы 280 миллионға өсті
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевтың нарықтағы трансферлік құны күрт өсіп, 280 миллион теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды taulik.kz, Tengri Sport-қа сілтеме жасай отырып.
Жаңа деректерге сәйкес, жас шабуылшының бағасы халықаралық трансфер нарығында айтарлықтай көтерілген. Бұл оның соңғы ойындардағы нәтижелі көрсеткішімен және шетелдік клубтардың қызығушылығымен байланыстырылады.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев бұған дейін ағылшындық Chelsea F.C. клубына ауысатыны белгілі болған еді. Трансфер келісімі 2026 жылы ресми түрде жүзеге асады деп жоспарланған.
Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық жас футболшының құнының өсуі отандық футбол үшін маңызды көрсеткіш саналады.
Қазіргі таңда Дастан Сәтпаев Қазақстан футболындағы ең перспективалы жас ойыншылардың бірі ретінде бағаланып отыр.