logo
search
menu
Иран атып түсірген америкалық ұшқыш Тегеранның жаңа қаруы туралы айтты
U.S. AIR FORCE

Иран атып түсірген америкалық ұшқыш Тегеранның жаңа қаруы туралы айтты

2026 жылдың сәуір айында Иран аумағында атып түсірілген АҚШ-тың F-15 жойғыш ұшағының пилоты Тегеранның жаңа әрі ерекше әскери технологиясымен бетпе-бет келгенін мәлімдеді. Бұл туралы ақпартты CNN телеарнасы хабарлады, Taulik.kzTengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мақала авторларының мәліметінше, сәуір айында Иран әуе кеңістігінде америкалық әскери ұшақ құлатылған. Экипаж мүшелерінің бірі бірден эвакуацияланған болса, екінші ұшқышты құтқару үшін АҚШ арнайы күштері ауқымды операция жүргізген.

Арнайы жасақ құтқарып алған пилот тергеу кезінде катапультамен секірер алдындағы соңғы сәттерде ерекше көріністі байқағанын айтқан. Оның сөзінше, аспанда бір-бірімен байланысқан көптеген дрондар біртұтас жүйе ретінде қозғалған. «Бір-біріне жалғанған көптеген дрондар бір организм сияқты ұшып жүрді. Үлкен дрондардың астында кішірек аппараттар орналасқан, олар аяқтарға ұқсап көрінді. Бұл нағыз бөгде ғаламшарлықтар туралы фильмдегі көрініс секілді болды», – деген әскери қызметкер.

БАҚ мәліметінше, пилоттың жауабы бастапқыда құпия сақталған. Алайда кейіннен тергеу хаттамасы журналистердің қолына түскен.

Сарапшылардың пікірінше, егер пилоттың айтқандары рас болса, онда Иран ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасау саласында елеулі технологиялық серпіліс жасаған болуы мүмкін. Сонымен қатар, 18 маусымға қараған түні АҚШ пен Иран әскери қақтығысты тоқтатуға бағытталған меморандумға қашықтан қол қойған. Құжатқа сәйкес, АҚШ теңіз блокадасын кезең-кезеңімен алып тастайды, ал Иран Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын толық қалпына келтіреді.n  Меморандум аясында Тегеран ядролық қару иеленбеуге міндеттеме алды. Ал Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселе бөлек келісім арқылы шешілмек. Тараптар алдағы 60 күн ішінде осы бағытта келіссөздер жүргізеді. Келіссөздердің нәтижесінде Иранға қарсы енгізілген халықаралық санкцияларды жеңілдету мәселесі де қарастырылмақ.