logo
search
menu
Әкесіне ауыр айып таққан Жузефина қамауға түсті
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Әкесіне ауыр айып таққан Жузефина қамауға түсті

Жузефина лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы хабарлайды taulik.kz, dalanews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін блогер әлеуметтік желіде өзіне туған әкесі тарапынан зорлық-зомбылық жасалғанын айтып, қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Осы мәлімдемеден кейін құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастаған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында блогер мен оның ата-анасынан жауап алынған. Нәтижесінде жарияланған құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпарат расталмаған.

Сонымен қатар бейнежазбада блогердің тыйым салынған заттарды қолданғаны байқалған. Медициналық сараптама оның есірткі заттарын қолданғанын растаған.

Құқық қорғау органдары блогер әрекетінен ұсақ бұзақылық пен жалған ақпарат тарату белгілерін анықтағанын мәлімдеді.

Сот шешімімен Жұлдыз Жауынбаева 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұдан бөлек, жалған ақпарат таратқаны және ресми ескертуді бұзғаны үшін оған 25 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Полиция әлеуметтік желілерде жарияланған кез келген ақпарат заң аясында тексерілетінін және жалған мәлімет таратқан азаматтар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.