logo
search
menu
«Бір күнде шешім қабылдадық»: Жанар Айжанова екінші некесі туралы айтты

«Бір күнде шешім қабылдадық»: Жанар Айжанова екінші некесі туралы айтты

Әнші Жанар Айжанова “Momsкий әңгіме” YouTube арнасына берген сұхбатында екінші некесіне қатысты ақпарат айтты. Сұхбат барысында  ол жұбайы өмірден өткеннен кейін екінші рет тұрмыс құрғанын, әрі бұл некесі 20 жылдан соң аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Өнер иесінің сөзінше, алғашқы жолдасынан айырылғаннан кейін қайта отбасын құрып, тағы бір сәби сүюді армандаған.

– Негізі, ізін суытпай тұрмысқа шыққан жақсы екен. Айжұлдыздан кейін қыз болсын, ұл болсын, жалғыз болмаса екен деп көп үміттендім. Бірақ бұйырмаған нәрсеге өкпелей алмайсың. Екінші тұрмыста 20 жыл бірге өмір сүрдік. Айжұлдыз тұрмысқа шыққаннан кейін екі жаққа кетуді ұйғардық. Арамызда ортақ бала болмады. Айжұлдыз – оның туған қызы емес. Бала болмаса, қоғам көбіне әйелді кінәлайды. Сондықтан ешкімнің обалына қалмайын деп, бұл шешімді бір күнде қабылдадық. Қазір де оның балалы болғанын тілеймін, – деді ол.

Сондай-ақ Жанар Айжанова екінші күйеуімен ажырасу себебін де жасырмады. Оның айтуынша, ортақ перзенттің болмауы бұл шешімге әсер еткен.