«ҚазМұнайГаз»: АМӨЗ-дегі жөндеу жұмыстары бензин тапшылығына әкелмейді
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары Қазақстанда жанармай тапшылығына себеп болмайды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Оның айтуынша, елде қажетті жанармай қоры алдын ала жасақталған. Қазіргі уақытта бензин мен дизель отынының қоры 30 күннен астам уақытқа жетеді.
Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстандағы мұнай өңдеу көлемінің шамамен үштен бірін қамтамасыз ететінін атап өтті. Дегенмен жанармай жеткізуде іркіліс болмайды, себебі елдегі тағы екі мұнай өңдеу зауыты жұмысын жалғастырып жатыр.