logo
search
menu
Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
ашық дереккөзден

Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті

Белгілі актер әрі режиссер Нұртас Адамбай әлеуметтік желіде БАҚ өкілдеріне үндеу жариялады. Аталған үндеуінде ол кинематография тақырыбында сұхбат беруге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

Оның сөзінше, соңғы уақытта кино өндірісі туралы сұхбат бермеген. Бұған режиссер әрі продюсер ретінде өзін жаңа жағдайда қайта іздеу кезеңінен өткендігі себеп болған.

- Киноөндірісі тақырыбында көптен бері сұхбат берген жоқпын. Себебі режиссер әрі продюсер ретінде қарқынды өзгеріп жатқан кино әлемінде өзімді қайта іздеу кезеңінен өттім. Қазір АҚШ-та тұрып жатқаныма бір жарым жыл болды. Осы уақыт ішінде жергілікті киноиндустриямен етене таныстым, – деп жазды ол.

Адамбайдың айтуынша, осы уақыт аралығында жинаған тәжірибесімен бөлісуге дайын.

«Осы уақытқа дейін оқырмандарыңызбен бөлісетін дүниелерім көбейді. Барлығы өте қатты өзгеріп жатыр және бұл өте керемет! Егер қызығушылық болса, қызықты сұхбат ұйымдастыруға болады. Қуана келісемін», – деді режиссер.