logo
search
menu
Ақтөбеде бетін тұмшалап смартфон ұрлаған екі әйел ұсталды
полиция департаменті

Ақтөбеде бетін тұмшалап смартфон ұрлаған екі әйел ұсталды

Ақтөбеде екі жас әйел беттерін тұмшалап сауда орталығынан қымбат смартфондарды ұрлады деген күдікке ілінді. Олар бейнебақылау камераларына түспеу үшін бет-жүздерін толық жауып алған, деп хабарлайды Taulik.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер көп ұзамай анықталып, қолға түскен. Тергеу барысында олар кінәларын мойындап, қылмысқа оңай жолмен ақша табу мақсатында барғандарын айтқан.

Сондай-ақ ұсталған әйелдер бет-жүздерін діни себеппен емес, өздерін танып қоймас үшін әдейі тұмшалағандарын мәлімдеген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицияның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Ақтөбе облысында қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім кигені үшін 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.