logo
search
menu
«Жастарды қолдау саясаты мемлекетіміз үшін әрдайым негізгі басымдық болып қала береді», – Мемлекет басшысы Халықаралық жастар күнімен құттықтады

«Жастарды қолдау саясаты мемлекетіміз үшін әрдайым негізгі басымдық болып қала береді», – Мемлекет басшысы Халықаралық жастар күнімен құттықтады

Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанаттыіс-шара өтті. Елорда төріне еліміздің барлық өңірінен 3 мыңға жуықбелсенді жас жиналды. Олардың қатарында волонтерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, жастар ұйымдары мен жастар ресурстықорталықтарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, қоғамқайраткерлері, өнерпаздар және спортшылар бар, деп хабарлайды Taulik.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті жастарға арнайықұттықтауын жолдады. Мемлекет басшысының құттықтау сөзін ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министріАида Балаева оқып берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың қоғамды алға бастайтынқозғаушы күш әрі жасампаз идеялардың қайнар көзі екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстан жастары халықаралық деңгейдегі білім және ғылымбайқауларында, спорт сайыстарында топ жарып, Көк Туымызды биіктежелбіретіп жүр.

«Жастарды қолдау саясаты мемлекетіміз үшін әрдайым негізгібасымдық болып қала береді. Қазіргі таңда республикамыздың әраймағында көптеген мектептер, спорт нысандары, даму орталықтарысалынып жатыр. Ауқымды жобалар қолға алынып, дарынды жастарғажан-жақты қолдау көрсетілуде.

Бүгін табысталатын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты - соныңжарқын көрінісі. «Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпарды» анықтайтынүздіктер сайысы озық ойлы, отаншыл, білімді әрі еңбекқоразаматтардың басын қосып отыр.

Қастерлі Отанымыздың болашағы - Сіздердің қолдарыңызда!

Қазір елімізде барлық салада түбегейлі реформалар жасалыпжатыр. Халқымыз жалпыұлттық референдумда бірауызданқабылдаған жаңа Конституция еліміздегі ауқымды өзгерістерге тыңсерпін берді, Қазақстанның одан әрі өсіп-өркендеуіне жол ашты.

Ата Заңымызда адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияны дамыту стратегиялық бағыт ретінде айқындалды. Сонымен қатар, бас құжатта алғаш рет волонтерлік қызметке мемлекеттарапынан қолдау көрсетілетіні нақты жазылды. Осылайша, бізқоғамда өркениетті ұлтқа тән жаңа этиканы орнықтырып, «Таза Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттарын ұлт санасына сіңіребастадық.

Қазақстан беделі жоғары мемлекет ретінде дамудың даңғылжолына түсіп, тарихи өрлеу кезеңіне қадам басты. Еліміз жаппайцифрландыру ісін қарқынды жүргізіп, жасанды интеллект технологияларын барлық салаға белсенді енгізіп жатыр. Түптепкелгенде, біздің мақсатымыз – экономикасы құатты, Заң мен Тәртіпүстемдік ететін, Әділетті, Озық, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру.

Жаңашылдыққа ұмтылған, игі бастамалардың бел ортасындажүрген жалында жастар кез-келген белесті бағындыра алады.

Мен бұған кәміл сенемін! Баршаңызға табыс тілеймін! Жолдарыңыз ашық болсын! Қастерлі Отанымыз - Қазақстан көркейеберсін!», - делінген Президент құттықтауында.

Сондай-ақ іс-шара аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарбайқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанаттыіс-шара мерекелік концертпен қорытындыланды.