logo
search
menu
ОСК дауыс беру және сайлау қорытындыларын шығару қалай ұйымдастырылатындығы туралы түс

ОСК дауыс беру және сайлау қорытындыларын шығару қалай ұйымдастырылатындығы туралы түс

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК мүшесі АзаматАйманакумов дауыс берудің қалай ұйымдастырылатыны туралы айтып берді. Дауыс беру еліміз бойынша 10423 сайлау учаскесінде өтеді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының 61 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанында 79 сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар кейбір учаскелерде, мысалы, әскери бөлімдерде, үздіксізжұмыс істейтін өндіріс орындарында, вахталық кенттерде, демалысүйлерінде, санаторийлер мен ауруханаларда және тағы басқа жерлердеучаскелік комиссия тізімге енгізілген азаматтардың барлығы дауыс беріпболған жағдайда, дауыс беруді кез келген уақытта аяқталды деп жариялайалады.

«Дауыс беруге арналған үй-жайда болатын адамдар учаскеліксайлау комиссиясы белгілеген қағидаларды қатаң сақтауға міндетті. Тиісті учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беругеарналған үй-жайда бір мезгілде болатын азаматтардың санын реттейді, тәртіпке жауапты болады және Қазақстан Республикасындағы сайлаутуралы» Конституциялық заңының ережелерін бұзып, дауыс берудіөткізуге кедергі келтірген кез келген адамның ол жерден кетуін талапетуге хақылы. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй-жайда дауысберу процесіне қатысы жоқ басқа адамдардың болуына жол берілмейді. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасы бұзылғанжағдайда учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі оның жұмысынақатысудан дереу шеттетіледі, ал байқаушы және өзге де адамдарсайлау комиссиясының жазбаша түрде қабылданған дәлелді шешімібойынша үй-жайдан шығарылады», - деді Азамат Айманакумов.

ОСК мүшесі азаматтардың денсаулық жағдайына байланысты немесеотбасының сырқат мүшесіне күтім жасауына байланысты сайлау учаскесінекеле алмайтын жағдайда, үйде дауыс беру мүмкіндігі бар екенін де атап өтті.

Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытындыларын Орталық сайлаукомиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап он күн ішінде белгілейді.