«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді
Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнермузейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына 80 жылтолуына орайластырылған «Мұра жіптері» көрмесін ұсынады. Көрме2026 жылғы 25 қыркүйек пен 8 қараша аралығында өтеді. Экспозицияғамузей қорынан және суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған 80-нен астам туынды: гобелендер, кескіндеме және графика жұмыстарықойылады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Гобелен - бейне бояумен емес, тоқыма станогында жіп арқылыжасалатын тоқылған кілем-картина. Қазақстанда бұл техника ХХ ғасырдың екінші жартысында ерекше дамыды. Сол кезеңде суретшілеркілем тоқу дәстүрі мен киіз ою-өрнегін бейнелеу өнерінің жаңа түрініңнегізі ретінде қайта пайымдай бастады. Осылайша халықтықмотивтерді, ұлттық ою-өрнекті және заманауи кескіндеме тілінтоғыстырған қазақстандық гобелен мектебі қалыптасты. Бұл мектептіңбастауында оның негізгі тұлғаларының бірі - Батима Заурбекова тұрды.
Батима Заурбекова - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жарты ғасырданастам уақыт бойы оның шығармашылығы дәстүр мен заманауикөркемдік тілді ұштастыра отырып, қазақстандық гобелен өнерініңдамуына ықпал етті.
Көрме Батима Заурбекованың шығармашылығын әлемдік мәдениетконтексінде таныстырып, оның негізгі көркемдік бағыттарын халықөнері және модернизмнің кескіндемелік ағымдарымен диалог аясындаашады.
«Мұра жіптері» экспозициясы үш зал арқылы саяхат түрінде құрылған:
Алғашқы зал музейдің тұрақты коллекциясы орналасқан кеңістіктенбасталады. Мұнда сәндік-қолданбалы өнердің көрнекті үлгілері БатимаЗаурбекова шығармашылығының ұлттық көркемдік дәстүрмен байланысынайқындайды. Павильонның алып қабырғалары суретшінің туындыларындажиі кездесетін Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бейнесін меңзейді. Соныменқатар павильон үйдің, баспананың және қасиетті мекеннің символынаайналып, Заурбекова шығармашылығы үшін маңызды тақырыптарды – адаммен табиғаттың бірлігін, материал мен қолөнердің киелілігін аша түседі.
Екінші залда стилі жағынан жақын туындылар бірнеше аймаққа бөлінген. Әраймақ суретші шығармашылығының белгілі бір бағытына сәйкес келеді. Кеңістіктің ашық архитектурасы көрерменге экспозицияны өз қалауыншатамашалауға мүмкіндік береді: туындылар әртүрлі ракурстан және түрліүйлесімде көрінеді. Ал музыка олардың мазмұнын қабылдауға қосымшамәдени кілт қызметін атқарады.
Көрменің соңғы кеңістігі әйел бейнесінің сан қырын ашады. Композицияныңнегізгі бөлігін төбеге ілінген шаңырақ құрайды, оның айналасында ұлттықкиімдегі қазақ аруларының портреттері орналасқан. Олардың барлығы әйелболмысын өмірдің үздіксіз жалғасу идеясымен байланыстырады.
Бұл жерде суретші туралы деректі фильмді көруге, мұрағаттықфотосуреттермен танысуға және оқу-жаттығу тоқыма станогында жұмысістеп көріп, гобелен жасау үдерісінің қыр-сырын сезінуге болады.
«Мұра жіптері» дәстүрлі ретроспектива шеңберінен шығып, гобеленді өнертілінде көрерменмен сөйлесе алатын тірі әрі заманауи медиум ретіндекөрсетуге ұмтылады.
Көрме өнертанушылардан бастап дизайнерлерге, сәулетшілерге жәнедәстүрді мұрағат ретінде емес, заманауи визуалды тілдің қайнар көзі ретіндеқабылдайтын шығармашылық қауымдастықтарға дейін кең аудиторияғабағытталған.
Арада ондаған жыл өтсе де, Батима Заурбекованың гобелендері көрерменменүй, жады және ұрпақтар сабақтастығы туралы сырласуын жалғастырыпкеледі.
«Мұра жіптері» көрмесі - өткенмен кездесудің, ал өткеннің бүгінгі күндеөмір сүруін жалғастырып жатқанын сезінудің бір мүмкіндігі.