Жарқынбек Амантайұлы: Цифрлық кеңістіктегі заңсыз контентке жауапкершілікті күшейту қажет
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Жарқынбек Амантайұлы интернет-стримерлердің қызметін реттеу және цифрлық кеңістіктегі заңсыз контентке жауапкершілікті күшейту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Депутат осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев пен Ішкі істер министрі Ержан Саденовке депутаттық сауал жолдады.
Жарқынбек Амантайұлының айтуынша, интернет кеңістігінде заңға қайшы, қоғамға кері әсер ететін контенттің таралуы өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, тікелей эфир жүргізетін стримерлердің әрекетін бақылау мен олардың жауапкершілігін нақтылау қажет.
Депутат цифрлық платформалардағы заңсыз контентке қатысты қолданыстағы тетіктерді күшейтіп, интернет-стримерлердің қызметін реттейтін нақты талаптар енгізу керек деп есептейді.