logo
search
menu

Сарбаздар өліміне қатысты: “ Қорғаныс министрлігі олардың қауіпсіздігін бақыламайды”

Сарбаздар өліміне қатысты: “ Қорғаныс министрлігі олардың қауіпсіздігін бақыламайды”
22 тамыз, 2022
Сарбаздар өліміне қатысты: “ Қорғаныс министрлігі олардың қауіпсіздігін бақыламайды”
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қорғаныс министрлігі әскердегі сарбаздардың өз-өзіне қол жұмсау дерегінің көбеюіне қатысты пікір білдірді.
    “Соңғы кездері еліміздің күштік құрылымдарында орын алған өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің жиілеуі түсіндіруді қажет етеді. Әскери қызметшінің өлімі тек Қарулы күштерде ғана емес, басқа да әскер түрлерінде  орын алып отыр. Бағыныстылардың өмірі мен денсаулығына ҰҚК Шекара қызметі, ІІМ Ұлттық ұланы, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі де жауапты. Бейбіт уақытта аталған күштік құрылымдар Қарулы күштердің құрамына кірмейді және Қорғаныс министрлігі олардың қауіпсіздігін бақыламайды”, – делінген хабарламада.
    Министрлік өкілдері сарбаздардың өзіне қол жұмсауы командир үшін үлкен шығын екенін атап өтті.
    “Қарулы күштерде болған әрбір жағдайды әскери полиция қызметкерлері және басқа да қылмыстық қудалау органдары мұқият тексереді. Тексеру нәтижелері өзіне-өзі қол жұмсау көп жағдайда әскери қызмет өткерумен байланысты емес екенін көрсетті. Әскерге шақыруға дейінгі кезеңде әскери қызметшілерді осындай әрекетке итермелейтін әр түрлі өмірлік жағдайлар кездесетінін ескеру керек”, – деп қосты министрлік өкілдері.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы