Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы бұйрықты жоюды ұсынды. Пән жалпыға міндетті мектеп бағдарламасынан алынуы мүмкін, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Тиісті құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Айта кетейік, 2022 жылдың ақпан айында министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті бағдарламадан алып тастап, факультативтік пәндер санатына көшіруге ниетті екенін мәлімдеген. Енді пәннің міндетті емес екенін білдіретін мәртебесі заңмен бекітілмек.