logo
search
menu

Қостанайдағы өрт: Тоқаев жедел штабқа барады

Қостанайдағы өрт: Тоқаев жедел штабқа барады
3 қыркүйек, 2022
Қостанайдағы өрт: Тоқаев жедел штабқа барады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
    «Жалпы облыстағы жағдай толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді», - делінген хабарламада.
    Айта кетейік, Қостанай облысы Басаман ҚМУ аумағындағы ірі орман өртін сөндіру екінші тәулік бойы жалғсып жатыр. Өрт мемлекеттік орман қорының 2000 гектардан астам жерін қамтыды. 17:30-дағы ақпарат бойынша, Новонежинка ауылының маңында өрт тоқтатылды. Ал, Озерный кентінде 50-ге жуық үй жанып жатыр. Тұрғындар эвакуацияланды.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы