«Орыстарды неғұрлым көп өлтірсек...»: Украинаның Қазақстандағы елшісі шулы мәлімдемесі үшін кешірім сұрады
«Өздеріңіз білесіздер, біз Украина елшісін шақырып, оның мәлімдемесіне наразылығымызды білдірдік. Ол кешірім сұрады. Айтуынша, «өз үйінде соғыс болып жатқаны үшін мұны эмоциямен айтып қалған», - деді Смадияров.Айта кетейік, жуырда украиналық дипломат Петр Врублевский тіл патрулін ұйымдастырушы Диас Құзайырға берген сұхбатында «орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, балаларымыздың қолы қанға соғұрлым азырақ малынады» деген болатын.
Taulik.kz