Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
9 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Латвия шенген визасы бар ресейліктерге де елге кіруге тыйым салды

Латвия шенген визасы бар ресейліктерге де елге кіруге тыйым салды

Латвия шенген визасы бар ресейліктерге де елге кіруге тыйым салды
ашық дереккөзі
Латвия шенген визасы бар ресейліктерге елге кіруге тыйым салды. Бұл туралы мемлекеттің Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичс мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Бұл шешім Балтық және Финляндия елдерін Еуропаның басқа елдеріне транзиттеу үшін пайдаланатын Ресейден келген туристерге қарсы бағытталған. Бір күн бұрын Эстония осындай шешім қабылдады. Литва мен Польша да елге кіруге толық тыйым салуды (туыстарына баруды және гуманитарлық визаларды қоспағанда) қолдап отыр. Айта кетейік, 6 қыркүйекте Еуропалық Комиссия Ресеймен визалық режимді жеңілдету туралы келісімнің қолданылуын толығымен тоқтату туралы ұсынысты мақұлдаған болатын. Бұл – визалардың құны және оларды рәсімдеу мерзімі едәуір артады, ал туристік мақсаттар үшін виза беру Ресей Федерациясындағы Еуропа консулдықтарының соңғы басымдығы болады деген сөз.

Taulik.kz