Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
13 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

375 миллион теңгеге салынған мектеп балаларға қауіп төндіруде

375 миллион теңгеге салынған мектеп балаларға қауіп төндіруде

375 миллион теңгеге салынған мектеп балаларға қауіп төндіруде
ашық дереккөзі
Түркістан облысында бес бала “қауіпті” деп танылған мектепте оқуға мәжбүр. 13 жыл бұрын салынған мектептің жағдайы қайта жөндеуді қажет етеді, деп хабарлайды Taulik.kz “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.   Сайрам ауданының №49 мектеп ғимаратында қабырғалар жарылған. Мұғалімдердің айтуынша, жарықшақтардың көлемі ірі болғаны сонша – көрші кабинеттерді көруге болады. Мектептің басым бөлігі "қауіпті аймақ" деп танылған. Мұғалімдер мен оқушылар ол жерлерді айналып өтуі тиіс. Мектеп қабырғаларында апта сайын жаңа олқылықтар пайда болады.
“2022 жылы сәуірде сараптама комиссиясы мектептің көп бөлігін қауіпті деп атады. Күрделі жөндеу қажет. Білім бөлімі жобалық-сметалық құжаттаманы 4 миллион 800 мың теңгеге жасады, бірақ жөндеу жұмыстарына 675 миллион теңге керек болып шықты. Мектеп 375 миллион теңгеге салынды, ал жөндеу жұмыстарына екі есе көп қаржы керек” – дейді мектеп директоры Мадина Көшекбай.
Сонымен қатар, мектеп қызметкерлерін жылу мәселесі де алаңдатады. Ұжым қыста жұмыс істеп, білім алу мүмкін емес екенін жеткізді.
“675 миллион теңгеге сметалық құжаттама әзірленгенімен, әлі күнге дейін қаржы бөлінбеді. Келесі жылы бұл соманы “Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында бөлу жоспарлануда” – деп мәлімдеді аудандық адам әлеуетін дамыту бөлімінің бас бухгалтері Нұрлан Бақтыбаев.

Taulik.kz