logo
search
menu

ҰҚШҰ Арменияға «жағдайды бағалау үшін» бір топты жіберетін болды

ҰҚШҰ Арменияға «жағдайды бағалау үшін» бір топты жіберетін болды
14 қыркүйек, 2022
ҰҚШҰ Арменияға «жағдайды бағалау үшін» бір топты жіберетін болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ереван мен Баку арасындағы жанжалға байланысты, Арменияға "жағдайды бағалау үшін" бас хатшы Станислав Засем бастаған топты жіберуге шешім қабылдады. Бұл туралы "Интерфакс" пен РИА Новости хатшылыққа сілтеме жасап хабарлайды.  Еске салсақ, 13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзірбайжан шекарасында қақтығыс орын алды. Нәтижесінде көз жұмғандар мен жарақат алғандар бар. Нақтырағы Армения әскері өзінің 49 әскерінен, Әзербайжан армиясы 50 әскерінен айрылды. Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйек айының соңында Таулы Қарабақта соғыс оты тұтанған болатын. Соғыс 44 күнге созылды. Кейін Армения мен Әзірбайжан Ресейдің делдалдығымен атысты тоқтату туралы келісімге келеді. Мәскеу бітімге бақылау жасау үшін Таулы Қарабаққа әскерін енгізеді.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы