Қостанайдағы өртке байланысты орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамалды. Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Taulik.kz сайты.
Қостанай облысының прокуратурасымен биылғы 13 қыркүйегінде «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы).
Сол күні мекеме басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
15 қыркүйекте сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.
Тергеу жалғасуда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Taulik.kz