Қытай президенті: Ресейді қолдауға дайынбыз

Қытай президенті: Ресейді қолдауға дайынбыз

ашық дереккөзі

Қытай президенті Ресейді қолдауға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты TRT News ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Екі ел басшысы Өзбекстанда өткен  Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде кездесті. Си Цзиньпин мен Владимир Путин Ресей-Украина соғысы басталғаннан бері алғаш рет кездесті. Си Цзиньпин «Екі ел үшін маңызды мәселелерде Ресейге қолдау көрсетуге дайынбыз» - деп мәлімдеді. Ресей басшысы өз кезегінде: «Біз Тайвань бұғазындағы АҚШ пен олардың спутниктерінің арандатуларын айыптаймыз» -деді. Сонымен қатар Си Цзиньпин сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ниет білдірді. Кейіннен екі ел президенті жабық кездесу өткізді.

Taulik.kz

Loading...