Ереванда наразылық білдірушілер Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуын талап етті

Ереванда наразылық білдірушілер Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуын талап етті

ашық дереккөзі

18 қыркүйекте Ереванның орталығындағы Бостандық алаңында шеру өтті, - деп хабарлайды  Deutsche Welle арнасы.  Шеруге қатысқандар Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуын талап етті. Ресейлік БАҚ мәліметінше, наразылыққа бірнеше мың адам жиналған. Наразылық АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Ереванға сапары аясында өткен. Акцияға қарапайым халықпен бірге Арменияның Еуропалық партиясының төрағасы Тигран Хзмалян бастаған топ қатысты. Олардың айтуынша, Ресей мен Түркия "Арменияға қарсы келісімге" қол қойып, нәтижесінде Таулы Қарабақтан айырылған.

Taulik.kz

Loading...