«Жақында Павлодар облысының сот ғимаратына электронды пошта арқылы «бомба қойған» бесінші сынып оқушысы Ақмола облысында ұсталды. Аталған іс бойынша тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес мәліметтер жария етілмейді», – деді ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев.Айта кетейік, 3 тамызда Павлодар облыстық және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың электрондық мекенжайларына бомбалар салынғаны туралы хабарламалар түскен. Сондай-ақ Ақтоғай, Май және Аққулы ауданының сотында процестерді кейінге қалдыруға тура келді. Дархан Разуевтің мәліметінше, сегіз айдың ішінде жалған хабарлама үшін 13 адам сотталды. Олардың жетеуі бас бостандығынан айырылды. Оның ішінде еліміздің түрлі аймақтарындағы 11 түрлі нысанға бомбалар туралы хабарлама жіберген Қостанай облысының тұрғыны да бар. Ол бір жарым жылдан аса жазасын өтейді. Осындай қылмыстары үшін тағы төрт сотталушының бас бостандығына шектеу қойылды, бір қазақстандыққа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды.
Taulik.kz