logo
search
menu

Шымкентте тұмауға қарсы вакцина науқаны басталды

Шымкентте тұмауға қарсы вакцина науқаны басталды
20 қыркүйек, 2022
Шымкентте тұмауға қарсы вакцина науқаны басталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Биыл шымкенттіктерді тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 134580 доза вакцина сатып алынды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Тұмауға қарсы екпе мекенжайы бойынша тіркелген емханаларда жүргізіледі. Бірақ мамандардың айтуынша азаматтардың барлығына бірдей екпе салына бермейді. Биыл қала бюджеті есебінен Ресейде шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 134 мыңнан аса дозасы сатып алынды. Себебі вакцина құрамында тұмауға қарсы штамм бар. Бұл шымкенттік жалпы тұрғындарының 12 пайызын ғана қамтуға мүмкіндік береді. Яғни, жіті респираторлық вирусқа қарсы екпе барлығына бірдей салынбайды дейді салаға жауаптылар. Айта кетейік, жылда тұмауға қарсы екпе салу 1-қазаннан басталатын. Биыл бұл жұмыс екі аптаға ерте басталды. Жалпы вирусқа қарсы иммундау жұмыстары қараша айының 15-не дейін жалғаспақ.                                                                                                                                         Taulik.kz
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы