logo
search
menu

Ұзақ уақыт көлік жүргізу онкология ауруына шалдықтырады - ДӘРІГЕР

Ұзақ уақыт көлік жүргізу онкология ауруына шалдықтырады - ДӘРІГЕР
20 қыркүйек, 2022
Ұзақ уақыт көлік жүргізу онкология ауруына шалдықтырады - ДӘРІГЕР
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Токсиколог, медицина ғылымдарының кандидаты Михаил Кутушов ұзақ көлік жүргізу орындықтың үнемі қызып кетуінен, салондағы пластмассадан және қаптамадан жасалған канцерогендердің, әрі желдеткіштерде улы қосылыстардың жиналуына байланысты адам ағзасына онкологияның дамуына әкелетінін ескертті, - деп хабарлайды Taulik. kz URA.RU сайтына сілтеме жасап.

    Кутушовтың айтуынша, пластмасса және кейбір көлік материалдарын қыздырған кезде фенолды қосылыстар мен канцерогендер бөлінеді.

    "Егер сіз оларды күн сайын жұтып отырсаңыз, әрине, салдары қатты болуы мүмкін. Ең алдымен, денсаулығыңыз құртылып, онкологияға ұшырауыңыз мүмкін. Ауру қаупі өте жоғары. Желдеткіштерде шаң мен улы қосылыстар көп жиналады. Тағы да айтар болсақ, көлік жүргізушілерінің аталық безі мен тік ішек ісігіне шалдығуы ықтимал, өйткені адам үнемі отыру арқылы ағзаларын жылытады», - деп түсіндірді Михаил Кутушов.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы