Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
20 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қазақ жастары шетелде тұрып-ақ ел дамуына үлес қосуда - МИНИСТР

Қазақ жастары шетелде тұрып-ақ ел дамуына үлес қосуда - МИНИСТР

Қазақ жастары шетелде тұрып-ақ ел дамуына үлес қосуда - МИНИСТР
ашық дереккөзі
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин шетелдік ірі компанияларда жұмыс істеп жатқан Қазақстаннан шыққан жас IT-мамандар туралы пікір білдірді. 
«Мұхит асып, АҚШ-қа іссапармен келдік. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ жастарының басын қосқан Digital Nomads қауымдастығының мүшелерімен кездесті. Қауымдастық - әлемнің түкпір-түкпірінде алпауыт технологиялық компанияларда жұмыс істеп жүрген қазақстандық IT-мамандардың басын біріктіріп отыр. Атап өтерлігі, Digital Nomads біздің министрліктің бастамасы бойынша құрылған болатын. Бүгінде оның құрамында 400-ден астам IT-маман бар»,-деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
«Осылайша олар елімізден жырақта болса да, мыңдаған шақырым жерде тұрып, Қазақстанның тұрақты дамуына үлестерін қосуда. «Ұйымдасқан ұтады»-деген қанатты сөз бар! Бір табысты мысалға тоқтала кетейін. Бір кездері АҚШ пен Еуропаның жоғарғы оқу орындарында білім алған Үнді елінің азаматтары, қазақ жастары сияқты өздерінің IT-мамандарының қауымдастығын құрған болатын. Уақыт өте келе осы топтан шыққан Үнді жастары әлемдегі танымал IT-компанияларда басшылық лауазымдарды иеленді. Қазіргі уақытта олар өз отандастарының стартаптарын қолдай отырып, өздерінің еліне қомақты инвестиция тартуда. Мен қазақ жастары да отандық IT-саланы қолдай отырып, туған еліміздің дамуына қол ұшын созғанын қалаймын»,-дейді Бағдат Мусин.

Taulik.kz